+20 градус: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

+20 градус: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Мадина Асылбекова
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Дегенмен елордада түнгі температура -6 градусқа дейін төмендейді. Ал Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Оңтүстік қалада күн райы жылы болып, ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі.

Астанада күн біртіндеп жылынады

19 қараша: аспанды ала бұлт торлайды, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік бағыттан соғатын жел жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы -4...-6 градус, күндіз +1...+3 градус шамасында.

20 қараша: ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Түнде -2...-4 градус, күндіз +3...+5 градус болады.

21 қараша: аспанды ала бұлт торлап, жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 5-10 метр болады. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +5...+7 градусқа дейін көтеріледі.

Алматыда күн ашық болады

19 қараша: ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы +2...+4 градус, күндіз +12...+14 градус шамасында.

20-21 қараша: жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Түнде +5...+7 градус, күндіз +13...+15 градус болады.

Шымкентте жаңбыр жауып, күн жылынады

19 қараша: күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Жел жылдамдығы секундына 8-13 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +6...+8 градус, күндіз +18...+20 градус болады.

20 қараша: Түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 8-13 метр, түнде және таңертең екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде +10...+12 градус, күндіз +18...+20 градус күтіледі.

21 қараша: жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 8-13 метр, кей уақытта екпіні 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +11...+13 градус, күндіз +18...+20 градус болады.

Оқи отырыңыз

{