22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды1 қазан демалыс күні болғандықтан, 2 қазанда 2022 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелері меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi.
Салықты есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей салық органдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы меншік құқығы бойынша мүліктің нақты иелену мерзімін ескере отырып айқындаған құн негізінде есептейді.
Мүлік салығын төлеу барысында:
ортақ бірлескен меншікте өзара келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші болып табылады. Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келсе, онда меншік иелерінің біреуі ғана төлем жасайды;
ортақ үлестік меншікте салық төлеушілер осы мүліктегі үлесіне сәйкес мүліктің барлық меншік иелері болып табылады.
Салық заңнамасына сәйкес төленуге жататын салық сомалары туралы хабарламалар шілде айында меншік иелеріне электронды түрде – Салық төлеушінің кабинетіне, "E-gov" порталына, қағаз түрінде – тапсырыс хатпен, сондай-ақ түбіртек – коммуналдық қызметтердің ЕРЦ, ALSECO және т.б. арқылы хабарланады.
Сонымен қатар, алдағы төлемдер туралы ақпарат "Kaspi Bank" АҚ және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалары түрінде жіберілді.
Салық коммуналдық төлем арқылы немесе мобильді қосымшалар арқылы бір рет төленеді.
Қате төлемдерді болдырмау үшін көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, төлемдерді бір уақытта жүзеге асыру мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz "Алдағы төлемдер" сервисінде және "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасынан, сондай-ақ банктердің мобильді қосымшаларынан көруге болады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев