23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан аумағының басым бөлігінде 2 қараша күні жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр және қар) күтіледі.
Республика аумағының көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады — жаңбыр, қар, тұман және желдің күшеюі болжанады.
«Тек республиканың оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», — делінген болжамда.
Синоптиктер солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде көктайғақ болатынын, ал кей жерлерде жел екпіні күшейетінін ескертті.
Түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, көріну деңгейі төмендейді.
Сонымен қатар Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Жетісу облыстарының кей бөліктерінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Жамбыл облысының шығысы мен орталығында, Алматы облысының батысында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысының солтүстік және батыс бөлігінде — жоғары өрт қаупі бар.
Ал Қызылорда мен Түркістан облыстарының шөлейт және батыс аймақтарында, сондай-ақ Алматы мен Жамбыл облыстарының солтүстігінде ерекше жоғары өрт қаупі сақталады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады