7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Биыл 2 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жыл басынан бері Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жалпы ауданы 2,8 млн гектар аумақта 1748-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 2,2 млн гектар аумақта жерге қатысты заңбұзушылықтарды жою туралы 1342 ұйғарым берілді.
Ақпаратқа сәйкес, бұрын берілген нұсқамалар негізінде 311,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру басталды. 200,4 мың гектар алқапта пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізіліп жатыр.
ЖАО қабылдаған шешімдердің заңдылығын мемлекеттік бақылау шеңберінде 368,5 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы 875 заңсыз шешім анықталды, оның ішінде 84 шешім жойылды. Негізгі заңбұзушылықтар конкурстық рәсімдерді айналып өтуге және жалпыға ортақ пайдаланылатын жайылымдарды заңсыз бөлуге байланысты.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?