Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық FinIQ диктантына ел тұрғындары қызығушылық танытуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгінгі таңда 2 млн астам қатысушы өз білімдерін тексеріп, тестілеуден өтті. FinIQ — бұл қаржылық ойлауды дамытуға және алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған интерактивті IQ-тест.
Тестте 20 сұрақ бар: қарапайым «дроп деген кім?» және «қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады?» деген сұрақтардан бастап, жеке деректер, банк өнімдері мен онлайн-төлемдердің қауіпсіздігіне қатысты тапсырмаларға дейін қамтылған.
Ең белсенді қатысушылар Түркістан облысы, сондай-ақ Шымкент пен Астана қалаларынан тіркелген.
FinIQ тестіне мектеп оқушысынан бастап студенттер мен ересектерге дейін кез-келген адам қатыса алады. Тестті amlacademy.kz платформасында онлайн форматта, кез келген құрылғы арқылы 15–20 минут ішінде тапсыруға болады.
Диктант 20 қазанға дейін жалғасады. Барлық қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар, ал үздік нәтиже көрсеткендерге ұйымдастырушылар мен серіктестер атынан бағалы сыйлықтар табысталады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек