23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАнтициклон жотасы Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады. Тек батыс пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктер найзағаймен жаңбыр, желдің күшеюін, түнде және таңертең солтүстікте тұман, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Түркістан, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болжанады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыс бағыттардан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 градус жылы болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 20-22, күндіз 36-38 градус жылы болады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады