Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қызылордада 19 адамнан 20 миллион теңге алдап алған алаяқ қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz.
Күдікті қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп уәде берген. Алайда арада жыл өтсе де ешкім баспана алмаған. Жәбірленушілердің ақшасын да қайтармаған. Алданып қалғандар полицияға арызданғаннан кейін 32 жастағы күдікті әйел ұсталды.
– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1,3,4-тармағымен (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Соңғы кездері алаяқтық сарындағы оқиғалар тым жиілеп барады. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында 322 алаяқтық дерегі тіркелген, – деді Қызылорда ҚПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары Әуелхан Құдайберген.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары