6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЛитваның Вильнюс қаласында өткен 37-ші Халықаралық биология олимпиадасы (International Biology Olympiad, IBO-2026) өз мәресіне жетті.
Әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың біріне 84 елден 330-дан астам дарынды жас биолог қатысып, теориялық және практикалық кезеңдерде өз білімдері мен зерттеушілік қабілеттерін сынға салды.
Олимпиада барысында қатысушылар күрделі теориялық тапсырмаларды орындап қана қоймай, жоғары деңгейдегі зертханалық тәжірибелерден де өтті. Бұл кезеңдер терең биологиялық білімді, ғылыми талдау қабілетін және тәжірибелік машықты талап етті.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, ұлттық құраманың 1996 жылы тіркелген ең үздік нәтижесін қайталады. Бұл – еліміздің жас биологтарының халықаралық деңгейдегі жоғары дайындығын көрсететін маңызды жетістік.
Жүлдегерлер:
Құрама команданың жетекшілері:
Халықаралық биология олимпиадасы 1990 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазақстан бұл білім бәйгесіне 1994 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Өткен жылы ұлттық құрама төрт қола медаль жеңіп алған болса, биыл үш күміс пен бір қола медаль еншілеп, отандық биология білімінің халықаралық деңгейдегі әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қазақстандық оқушылардың бұл жетістігі еліміздің ғылыми-білім беру саласының дамуына серпін беріп, халықаралық олимпиадалардағы табысты дәстүрдің жалғасып келе жатқанын көрсетті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі