Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖеңіс күніне арналған әскери-патриоттық кино апталығы аясында Алматы, Қарағанды, Шымкент және Талғар кинотеатрларында «1941 жылдың жазы»фильмінің тегін көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Режиссер Бекболат Шекеровтың фильмі ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы партизан отрядымен шайқас жайында. Кинокартина ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында ерлігімен көзге түскен диверсиялық топтың басшысы көрнекті қазақ қайраткері, лейтенант Әди Шәріповтың өмірбаяны туралы баяндайды.
Фильм ІІ дүниежүзілік соғыс кезін суреттейді. Үшінші Рейх КСРО-ға енді шабуыл жасаған кезі. Беларуссияда жойқын шайқастар жүріп жатыр, ал Кеңес армиясының күштері әзірге тек шегінуге мәжбүр. Қазақстаннан келген жас лейтенант Әди Шәріпов дәл осы оқиғағаның куәгері болады.
Оның жасағы әскердің алдыңғы шебінде шайқасып, ақыр соңында ми батпақта жаудың қоршауында қалады. Жау тылында қалған лейтенант партизан жасағын құрып, нацистік басқыншыларға лайықты тойтарыс береді.
Әскери-патриоттық кино апталығы 2024 жылдың 9 мамырында басталады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?