Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада көпқабатты үйдің жанынан 19 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марқұмның анасы әлеуметтік желіде видео-үндеу жасады.
Төрт адам 19 жастағы ұлымды өлтіріп, тоғызыншы қабаттан лақтырып жіберген. Бұлай жалғаса берсе, елімізде жастар қалмайды. Төрт балам бар. Балам темекі шекпейтін, ішпейтін, академияда оқыды. Қазір оны ішкендей етіп көрсеткісі келеді. Мені ешкім тыңдамайды. Қылмыскерлер заң бойынша жазаланғанын қалаймын, - дейді әйел.
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 13 қазанында тіршілік белгісі жоқ ер адамның табылғаны туралы хабар келіп түскен.
Полиция қызметкерлері келгеннен кейін марқұмның жекебасы анықталды. Алматы аудандық ішкі істер басқармасы адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар