12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік«Қазгидромет» 2025 жылғы 19 қазанға арналған республикалық ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысында, солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі аралас жауын-шашын күтіледі. Ал қалған өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда.
Республика аумағында желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік өңірлер мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түсуі ықтимал. Қызылорда облысында түнде 1–6 градус үсік күтіледі. Сондай-ақ Алматы облысының солтүстік бөлігінде 1 градус шамасында үсік болуы мүмкін. Бұдан бөлек, синоптиктер жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті.
Жоғары өрт қаупі Маңғыстау, Атырау (солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс), Ақтөбе (оңтүстік және шығыс), Жамбыл (орталық), Қызылорда (солтүстік және орталық), Алматы (батыс), Қостанай (оңтүстік-батыс), Ақмола (оңтүстік-батыс), Ұлытау (шығыс және орталық) және Абай облыстарының оңтүстік бөлігінде күтіледі.
Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Атырау (солтүстік, оңтүстік және шығыс), Жамбыл (батыс және солтүстік), Ақтөбе (батыс, солтүстік-шығыс және орталық), Алматы (солтүстік), Қостанай (оңтүстік), Батыс Қазақстан және Ұлытау (оңтүстік) облыстарында сақталады.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер