23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПрезидент «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдап, компанияның 2024 жылғы қызметінің негізгі көрсеткіштері мен даму стратегиясымен танысты:
Президентке әлемдік нарықтағы ахуал, жаңа келісімшарттар мен инвестициялық жобалар жөнінде баяндалды. Өткен жылдың ең басты оқиғасы ретінде «Үлбі-ЖБҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауытының 200 тонна төмен байытылған уран өндіріп, толық қуатында жұмыс істей бастағанын айтуға болады.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамын дамытудың 2025-2034 жылдарға арналған жаңа стратегиясы таныстырылды. Оның аясында компания елдің минералды-шикізат базасын ұлғайтуға және оны тиімді пайдалануға ден қоймақ.
Былтыр ресурс қоры 170 мың тоннаға бағаланған перспективті аумақтарда уранды барлау жұмыстарын жүргізу үшін жаңа лицензиялар берілген.
Президент «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамының жұмысын одан әрі жетілдіруге және компаниялар тобының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға қатысты бірқатар міндет жүктеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады