Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада қайтарылған активтерді басқаратын компания Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің тәркіленген зәулім үйін сатылымға шығарған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
25 ақпан күні сағат 10:00-де жоспарланған аукционда бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болатын үйді сатып алуға ешкім ниет білдірмеді.
Сатып алушылардан 117,9 млн теңге көлемінде кепілдік жарна талап етілген. Алайда, көрсетілген талаптарға сәйкес келетін сатып алушы табылмады.
Зәулім сарайдың орналасқан мекенжайы — Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-ғимарат. Үйдің жалпы ауданы — 2877,7 шаршы метр, оның ішінде тұрғын ауданы 347,2 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, сарайдың жалпы жер аумағы 0,9475 гектар және қосымша 0,2713 гектар жер телімімен толықтырылған.
Сатылымға үйдің өзімен қоса, жиһаздар, заманауи электронды техника, өнер туындылары және кәдесыйлар да қойылған болатын.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар