13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚаржы пирамидасының ұйымдастырушылары азаматтарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуды ұсынған. Алайда бұл міндеттемелер толық орындалмаған, ал мүлік туыстары мен жақындарына берілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, қаржы пирамидасы 8 мыңнан астам салымшыны тартқан, олардың жалпы салған қаражаты 21 млрд теңгеден асқан.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мақсатында, қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы бірнеше деңгейлі заңсыз схема жасаған. Ол өз бақылауындағы заңды тұлғаларды — «Алло, не керек», «i-m@rketing», «Gold SapaPremium» ЖШС пайдаланған.
Аталған компаниялар жалған жеткізушілер ретінде көрсетіліп, жарнама қызметтері, жылжымайтын мүлік пен көлік нарығына талдау мен болжау жүргізу секілді қызметтерді орындаған болып көрінген. Осы жалған шарттар негізінде 1,8 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыртқа шығарылған, - делінген мәліметте.
Оқи отырыңыз:
Қылмыстық кірістер есебінен жеке тұрғын үйлер, Астанада пәтерлер, сондай-ақ HUMMER H2 және Lexus LX570 маркалы қымбат автокөліктер сатып алынған. Бұл мүліктер мүмкін болатын тәркілеуден жасырыну мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімделген.
Сот санкциясымен аталған мүлікке және тұтыну кооперативінің шоттарына тыйым салынды.
Қаржы пирамиданың бас ұйымдастырушысы қамауға алынды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды