23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматы қаласында некрофилияға күдікті адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-дағы арнасына қалалық мәйітхананың күзетшісі ұсталғанын хабарлады.
Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы («Қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Журналистің мәліметінше, қылмыскер телефонын өткізуге алып келген де ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен. Телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18+ фотолар болған.
Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кету керек, ҚР ҚК-нің 314-бабы санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік