Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Еліміздің 14 облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Түркістан облысында таулы асуларда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыс бойынша өрт қаупі өте жоғары.
Маңғыстау облысында да жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі, ал солтүстік, оңтүстік және шығыс аймақтарда өрт қаупі өте жоғары, солтүстік-шығыста — жоғары деңгейде.
Ұлытау облысында желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні кей уақытта 15–18 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары, ал орталық және шығыс бөлігінде — жоғары деңгейде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қарағанды облысында желдің екпіні 15–18 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысының батысында солтүстік-батыстан соққан жел 15–20 м/с болады. Өңірдің көп бөлігінде өрт қаупі өте жоғары.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында 15–18 м/с жылдамдықпен соққан жел, ал кей аймақтарда өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады. Ақмола облысында желдің екпіні 15–20 м/с дейін, әсіресе солтүстік-батыс пен шығыста күшейеді.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, әсіресе таулы аймақтарда күтіледі. Кей өңірлерде өрт қаупі жоғары, ал батысы мен солтүстігінде аса жоғары деңгейде.
Қостанай облысында жел 15–20 м/с, оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары сақталады.
Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде 1–6 градусқа дейін үсік жүреді.
Жетісу облысында Алакөл маңында жел 23–28 м/с дейін күшейіп, түнде 4–9 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі, ал оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 20–23 м/с дейін жетеді.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік