18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Шаңырақ» этножурналистика саласындағы республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі журналистер, блогерлер, сарапшылар мен жекелеген авторлардың келісім мен бірлікті нығайтуға, сондай-ақ қазақстандық этножурналистиканы дамытуға қосқан үлесін таныту мақсатында ұйымдастырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов құттықтау сөзінде мемлекет пен азаматтық институттар тарапынан этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ақпараттық жұмыстарға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.
ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин өз сөзінде «Байқауға қатысушылар мен жүлдегерлер өздерінің материалдары мен жобалары арқылы мемлекетіміздің тұрақты дамуының негізгі факторлары және басты идеологиялық постулаттары болып табылатын ел бірлігі, татулық пен өзара құрметті дәріптеуге үлкен үлес қосып жүр, - деп көрсетті.
Сыйлық Қазақстанда этносаралық келісімді қамтамасыз етудің тиімді құралы ретінде, сонымен қатар осы саланың дамуына қосымша серпін беріп, медиа қоғамдастықтың одан әрі жемісті қызмет етуіне оң ықпалын тигізеді.
Байқауға жалпы 60-тан астам өтінім келіп түсті.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр