6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚырғызстанда 16 жастағы «Ислам мемлекеті – Вилаят Хорасан» лаңкестік ұйымының мүшелері теракт жасамақ болған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Екі жеткіншек Жалал-Абад қаласында жаңа жылдық шыршаны жармақ болған. Олар «Ислам мемлекеті – Вилаят Хорасан» халықаралық лаңкестік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» лаңкестік-исламистік тобының бөлімшесі) мүшелері болып шықты.
Аталған 16 жастағы жасөспірімдер интернет арналары арқылы қабылданған. Шетелдік эмиссарлардың нұсқауымен олар Жалал-Абад қаласының орталық алаңындағы бас шыршаның жанына қолдан жасалған жарылғыш зат қоймақ болған. Бұған қоса, олар шіркеуге лаңкестік әрекет пен қарулы шабуыл жасауды жоспарлаған, - дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері.
Эмиссарлармен хат алмасу, іс-шаралар жоспары, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жасау бойынша нұсқаулық және топ жетекшісіне берген антының бейнежазбасы сияқты бұлтартпас айғақтар тәркіленді.
Құқық қорғау органдары лаңкестік бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі