Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңесМемлекеттік кірістер комитеті 16-17 желтоқсан күндері Қазақстан-Қытй шекарасындағы өткізу пунктерінің жұмысы уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Алайда теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істей береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктері туралы келісімге сәйкес, екі елдің мерекелік күндерінде өткізу пунктерінің жұмысы уақытша тоқтатылады.
Жақын арада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 16-17 желтоқсан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Осыған байланысты комитет тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала түзетіп, өткізу пункттері жұмысының кестесіндегі ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынады,-делінген ведомство мәліметінде.
Комитет өткізу пунктері жұмысының өзгеруіне жедел ден қою және тасымалдаушыларды уақытылы хабардар ету үшін көрші елдердің құзырлы органдарымен белсенді ынтымақтастық жасауда.
Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді