30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен, «Қазақконцерт» концерттік ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Coupe Mondiale 79» халықаралық баян және аккордеоншылар байқауының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Салтанатты кешке Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Азамат Сайлауұлы Белқайыров қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Комитет төрағасы өз сөзінде елімізде мәдениет пен руханиятқа әрдайым ерекше мән берілетінін атап өтті. Биыл мәдениет саласында көптеген маңызды жобалар іске асырылғанын айтып, қорытындыланып отырған әлемдік доданың да соның бір айғағы екенін жеткізді. Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігі халықаралық мәдени бастамаларды әрдайым қолдайтынын айтып, алдағы уақытта да елімізде осындай ауқымды жобалар жалғасын табатынына сенім білдірді.
Азамат Белқайыров министрлік атынан Халықаралық аккордеонистер конфедерациясына, қазылар алқасына, байқауды ұйымдастырған «Қазақконцерт» ұжымына, барлық қатысушылар мен демеушілерге ерекше алғысын білдірді. Сөз соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, барша қатысушыға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.
Кеш барысында байқаудың Senior санаты бойынша жеңімпаздары марапатталып, I, II және III орын иегерлерінің есімдері жарияланды. Халықаралық аккордеонистер конфедерациясының (CIA) президенті Мирко Патарини арнайы жүлделерді табыстады.
«Классикалық музыка ансамблі» номинациясында Ресей Федерациясының Siberian Bayan Quartet ұжымы, «Жасөспірімдер арасындағы виртуоздық эстрадалық орындаушылық» номинациясында Италия өкілі Давиде Ди Джакомо, «Жасөспірімдер арасындағы Coupe Mondiale» номинациясында Жапония өкілі Фута Мидзутани, «Ересектер арасындағы виртуоздық эстрадалық орындаушылық» номинациясында Босния және Герцеговина өкілі Джордже Перич, «Coupe Mondiale шеберлері» номинациясында Ресей Федерациясының өкілі Тимур Сетраков, «Әлемдік музыка ансамблі» номинациясында қазақстандық «Scythians» триосы, ал «Coupe Mondiale» номинациясында Қазақстан өкілі Жандос Сауыт бірінші орын иеленді.
Салтанатты кештің ерекше бөлігі осы жеті санат бойынша I орын иегерлерінің музыкалық өнер көрсетуі болды. Әлемнің үздік баян және аккордеон орындаушылары елорда сахнасында бас қосып, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Финалдық концертте ұлттық музыка мен әлемдік классика үндесті. Сахнада «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Samga», «Saz&Soul» топтары, «Гүлдер» ансамблінің балеті, Клара Төленбаева, Нұрай Шеру және «Қазақконцерттің» шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Кештің шарықтау шегінде 40-тан астам баянист Құрманғазының «Адай» күйін бірге орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Салтанатты рәсім Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен түйінделді. Жиын соңында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің атынан ықылас гүлі табысталды.
Айта кетейік, бірнеше күнге созылған халықаралық додаға әлемнің әр елінен байқауға барлығы 147 өтінім қабылданды. Оның 126-сы – жеке орындаушылар, 21-і – ансамбльдер. Ансамбльдер құрамында 62 өнерпаз өнер көрсетті. Бірнеше санатта бақ сынаған қатысушыларды есепке алғанда, конкурсқа қатысқан бірегей өнерпаздардың жалпы саны 153 адамды құрады. Оның ішінде 32 қатысушы бірнеше санатта – жеке немесе ансамбль құрамында өнер көрсетті.
Байқаудың Қазақстанда өтуі - қазақстандық жас орындаушылардың осындай беделді әлемдік байқауға қандай да бір қиындықсыз қатысуына мол мүмкіндік ашып отыр. Соның арқасында Қазақстаннан – 40 орындаушы байқауда бақ сынады. Ал жалпы саны байқауға 16 елдің өнерпаздары қатысты. Олардың қатарында Ресей, Қытайдай, Португалия, Италия, Черногория, Сербия, Хорватия, Швейцария, Жапония, Өзбекстан, Бразилия, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Солтүстік Македония және Беларусь елдерінің өкілдері бар.
Халықаралық дода аясында Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының 46 делегаты да Астанаға келді. Олардың қатарында Италия, Финляндия, Франция, Қытай, Австралия, Ресей, Сербия, Германия, Австрия, Жаңа Зеландия және өзге мемлекеттердің баян-аккордеон өнерінің белгілі өкілдері бар. Халықаралық делегация құрамында Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының президенті Мирко Патарини, сондай-ақ Киммо Маттила, Жак Морне, Натали Буше, Виктор Романко, Александр Селиванов, Грейсон Мейсфилд, Харли Джонс тағы да басқа халықаралық баян-аккордеон өнерінің өкілдері бар. Ал Қазақстаннан қазылар алқасының құрамында белгілі өнер қайраткері, профессор – Анатолий Гайсин, Сәуле Смақова, Самғар Толқынхан, Жәмилә Чалдаева, Дамир Сұлтанов болды.
Байқаудың ресми ашылу салтанаты 24 тамызда өтті. Іс-шараға мәдениет және ақпарат вице-министрі СЫдықов Айбек Жексенәліұлы қатысып, ҚР Премьер-минитрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі – Аида Ғалымқызы Балаеваның құттықтау сөзін жеткізді Ашылу салтанатынан кейін байқаудың негізгі бөлігі - тыңдалымдар басталды.
Байқаудың екінші күні конкурстық бағдарлама таңғы сағат 08:30-дан басталып, кешке дейін жалғасты. Ал кешке, осы халықаралық байқау аясында «Coupe Mondiale» байқауының 2021 жылғы жеңімпазы, дарынды аккордеонист Олжас Нұрлановтың жеке концерті өтті.
Үшінші күні конкурстық тыңдалымдармен қатар баян және аккордеон өнерінің майталмандары шеберлік сабақтарын өткізді. Олар халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Тяньцзинь музыка консерваториясының доценті Руй Лю, Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының президенті Мирко Патарини, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Анатолий Гайсин және Ресей музыка академиясының доценті Александр Селиванов. Мұнда қатысушылар мен жас музыканттар әлемнің әр елінен келген баян және аккордеон өнерінің мықтыларымен кәсіби тәжірибе алмасып, орындаушылық шеберліктің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алды. Жеңімпаздарға арналған жалпы жүлде қоры 16 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде үздік деп танылған қатысушыларға негізгі Coupe Mondiale санаты бойынша тағайындалған жүлде жүлде сомасы - I орынға – 3 000 еуро, II орынға – 2 000 еуро, III орынға – 1 000 еуро табысталды. Жалпы мұндай ауқымы кең байқаулар үлкен қаражатты қажет етді. Министрлік тарапынан да қаражат қарастырылды, бірақ негізгі бағыты демеушілердің көмегімен өткізілді. Басты демеуші - «Қазақстан Халық банкі» АҚ. Сондай-ақ Vita Bottlers және т.б. демеушілер қолдау көрсетті.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды