23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада ÖzgeEpic креативті хабында зияткерлік меншік негіздері бойынша оқыту бағдарламасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оған Мәдениет және ақпарат министрлігі бастамашы болып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолдауымен жүзеге асырылды. Іс-шараның мақсаты — креаторларға қолдау көрсетіп, олардың осы саладағы мүдделерін қорғау.
Оқыту бағдарламасына суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, медиа өкілдері қатысып, барлығы 150 креатор білім алды. Сарапшылар патенттеу, авторлық құқық, сауда белгілері, коммерциялық құпия және лицензиялау сияқты зияткерлік меншіктің негізгі бағыттары бойынша дәріс оқыды. Сонымен қатар, креаторлар Қазақстанда және шетелде зияткерлік меншікті қорғаудың басты қағидаттарымен танысты.
Айта кету керек, оқу бағдарламасы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) стандарттарына сәйкес әзірленген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік