23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШығыс Қазақстан облысында 40 жастағы азамат 15 жылқыны ұрлады деген күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қыркүйек айының соңында ер адам қараусыз жайылып жүрген жылқы үйірін байқап, түннің қараңғылығын пайдаланып, оларды өзі жұмыс істейтін фермаға айдап әкеткен. Күдікті ұрланған малдың тоғызын сатып, бір бөлігін базарға өткізген. Осылайша жәбірленушілерге жалпы 6 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Ауыл тұрғындары жоғалған жылқыны іздеуге кіріскенде, күдікті өзіне күдік келмеуі үшін қалған жылқыларды еркіндікке жіберген. Дегенмен, полицейлер қылмыстың ізін суытпай, тергеу барысында күдіктінің бұл іске қатысы бар екенін анықтап, оны ұстады. Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрланған малдың бір бөлігін тәркілеу мүмкін болды.
Қазіргі уақытта мал ұрлығы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті тұрғындарға өз малын қараусыз қалдырмау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін тағы бір еске салады. Полицейлердің айтуынша, сақтық шараларын сақтау ұрлықтың алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады