Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматы облысында оқушы қыздан ақша бопсалағандар анықталды. Қарасай ауданының полицейлері 15 жасар оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІММ таратқан ақпаратқа сүйенсек, тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталған.
Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді. Бұл факт полицияда тіркеліп іс материалдары сотқа жөнелтілді,-делінген полиция мәліметінде.
Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.
Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынып, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияға ұсыныс енгізілді.
Еске салсақ, бұған дейін мектеп оқушысынан ақша бопсалап жатқан жасөспірім қыздардың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды