6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркістан қаласында облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері 7 жасар баланың бауыр тұсынан бір уыс құртты алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
10 мамырда дәрігерлер науқас оқушыны рентгенге түсіріп, компьютерлік томографиялық, ультрадыбыстық зерттеуден өткізіп, толық тексеру жасаған. Ақ халаттылар операция алдында екі күн науқасты дайындап, бақылап отырған.
Аурухананың білікті хирургы, бас дәрігердің орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы бастаған дәрігерлер командасы 7 жасар балаға күрделі отаны сәтті жасады.
Операция кезінде бауыр тұсынан 15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алып шықты, – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған otyrar.kz.
Бала 18 мамырда ауруханадан шығарылды. Қазір оның жағдайы жақсы.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі