7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Сыртқы істер министрлігі Израильден елге қайтарылған қазақстандықтар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Израиль мен Палестинадағы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының қақтығыс аймағынан шығуын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл міндетті шешу үшін Қазақстанның Израиль, Египет және Иорданиядағы елшілігі жұмылдырылған. Биыл 16 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанның Израильдегі елшілігіне 100 - ден астам азамат елден кетуге жәрдемдесу туралы өтініш жасады, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Смадияровтың айтуынша, олардың бір бөлігі қазақстандық дипломаттардың көмегімен елден өз бетінше кеткен.
Мысалы, кеше Қазақстанның Израильдегі елшілігінің күшімен біздің 19 азаматтың, оның ішінде арнайы бағдарламалар бойынша оқыған 15 баланың ұшып шығуы ұйымдастырылды. Азаматтарымыздың қауіпсіз кетуін қамтамасыз ету мақсатында дипломаттар Израильдің әртүрлі өңірлерінен балаларды тікелей әуежайға дейін жеткізді, - деді Смадияров.
Бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы отанына оралғысы келген Қазақстан азаматтарын әкету үшін Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша Израильге рейс орындайтыны хабарланған болатын.
Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінің бағалауы бойынша Израильде консулдық есепте тұрмаған 400-ден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Бұл ақпарат әлі нақтыланбаған, осындай болжам жасалып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні таңертең Израиль Газа секторынан жаппай зымыран шабуылына ұшырады. Елдің қорғаныс армиясының бағалауы бойынша Израиль аумағында екі мыңнан астам зымыран атылған.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?