Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚұлсарының 1,5 мыңнан астам тұрғыны үйлерін қалпына келтіру мақсатында бөлінген өтемақыны алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сармановтың айтуынша, барлығы 1719 адам өтемақы алу туралы шартқа қол қойды, 1543 тұрғынның жеке шоттарына өтемақы түсті. 850 тұрғынға жаңа тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, 693 тұрғынға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін өтемақы берілген. Сондай-ақ, Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 100 үйдің құрылысы жалғасуда. Әр үйдің ауданы 100 шаршы метрді құрайды.
ТЖ жөніндегі облыстық жедел штабтың мәліметіше, жоба бойынша үй 5 бөлмеден тұрады. Оның ішінде ас үй, екі жатын бөлме, қонақ бөлме және жуынатын бөлме бар. Үйдің құрылысын салуға жергілікті компаниялар жұмылдырылып отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?