6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы «Жасыл аймақ» КММ бұрынғы басшысы И.Бегасиловқа, оның орынбасары А.Ерназаровқа, КММ заңгері М.Айнабековаға және кәсіпкер И.Муслимовқа қатысты үкім шығарды.
Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Бегасилов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, Ерназаров, Айнабекова және Муслимов 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі