30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБатыс, шығыс өңірлерде әлі де циклон мен атмосфералық фронт әсерінен жаңбыр жауып, батыста найзағай жарқылдайды.
Қазақстанның басым бөлігінде жел екпіні – 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні – 23-28 м/с жетеді, күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында 2-3 градус үсік жүреді.
Қостанай, Ұлытау, Абай облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс бағыттардан соғатын жел күші - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С болады.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +22+24°С болады.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +28+30°С болады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды