23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазгидромет 14 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен бұрқасын түріндегі қатты жауын-шашын және бұршақ жаууы мүмкін. Екпінді жел соғуы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Атырау, Маңғыстаудың басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 38°С-қа дейін қатты ыстық сақталады.
Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, оңтүстігінде, Ақтөбенің орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Қарағандының орталығында, солтүстікте, Алматы қаласының орталығында, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, Түркістанның шөлейтті аймақтарында, батысында, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстанның басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі бар.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік