14 облыс пен 2 мегаполисте дауылды ескерту жарияланды

13 Қаңтар, 02:05 4165

Синоптиктер 13 қаңтарға ауа райын болжамын ұсынды. «Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, бұл күні еліміздің 14 облысы мен 2 республикалық маңызы бар қалада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада 13 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Шымкентте түнде тұман түсіп, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады деп болжануда. Таңертең және күндіз желдің екпіні - 15-20 м/с.

13 қаңтарда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің екпіні - 23 м/с. Ал Түркістан қаласында 13 қаңтарда түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Қызылордада түнде облыс орталығында, батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз желдің күші облыстың батысында 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп болжануда. Жезқазған қаласында күндіз көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Ал Ақтау қаласында 13 қаңтарда таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп болжануда.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында желдің екпіні - 23-28 м/с. Петропавл қаласында 13 қаңтарда қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде - 23 м/с.

Оқи отырыңыз: 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Абай облысының батысында бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында желдің екпіні 23 м/с.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын күтілуде. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Ал Көкшетау қаласында 13 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп болжануда. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп болжануда. Облыс орталығы Атырау қаласында 13 қаңтарда түнде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

13 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, өңірдің оңтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.  Ақтөбе қаласында 13 қаңтарда түнде бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай қаласында бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде көктайғақ болып, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады деп болжануда. Түнде облыстың шығысында, орталығында желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетуі ықтимал. Облыс орталығы Қонаев қаласында да шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: