Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстанада Қытайдан тауар жеткізу сылтауымен 14 млн теңге ақша жымқырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға азаматша алаяқтық әрекет туралы шағымданды. Оның айтуынша, белгілі бір қыз сеніміне қиянат жасап, Қытайдан тауар жеткізу сылтауымен 14 млн теңге сомасында ақша жымқырған, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.
Алматы ауданы криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде 32 жастағы әйелді анықтады, ол интернет-ресурсы арқылы алдау жолымен ақша алған. Жас әйел әлеуметтік желіде жүк тасымалдаушы компания ретінде жалған парақша ашып, Қытайдан тауарларды қолайлы жеткізу шарттарын ұсынады.
Алаяқ жеткізу үшін алдын ала толық төлем сұрады, ақшаны алғаннан кейін, бірнеше айлар өнімнің кешігуі туралы хабарлады және біртіндеп клиенттермен байланысын тоқтатты. Күдіктіге қатысты бұрын да 7 қылмыстық іс тіркелгені белгілі болды, жалпы келтіріл шығын сомасы 50 млн теңгеден астам. Алаяқ өз кінәсән мойындады.
Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға сыйақы үшін және күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеу,белгісіз тұлғаларға ақша және мүлік аудармау керек екенін ескертеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары