30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыApple компаниясының алғашқы бүктелетін iPhone-ы таныстырылымға жақындаған сайын құрылғы туралы жаңа мәліметтер таралып жатыр. Инсайдерлердің мәліметінше, компания ішінде смартфонды iPhone Ultra деп атауы мүмкін. Құрылғыны сынап көрген қызметкерлер оның ықшам корпусын және үлкен экранын жоғары бағалағанымен, камера мен Face ID жүйесінің болмауы сияқты бірқатар ымыраға назар аударған.
Сынақтан өткендерге не ұнады?
Журналист Марк Гурманның Power On ақпараттық бюллетеніндегі мәліметке сәйкес, Apple ішіндегі тестілеуге қатысқан адамдар смартфонның бірнеше ерекшелігін оң бағалаған.
Атап айтқанда, бүктелген күйінде құрылғы қолға ыңғайлы орналасып, қалтаға оңай сыйатыны айтылған. Сондай-ақ мамандар смартфонның топсасына назар аударған. Оның берік жасалғаны және құрылғыны ашып-жапқан кездегі жұмысы жағымды әсер қалдырған.
Бүктелмелі конструкцияның басты артықшылығы – ықшам корпусқа үлкен экранды орналастыру мүмкіндігі. Алдын ала ақпарат бойынша, iPhone Ultra толық ашылған кезде шамамен 7,8 дюймдік дисплейге ие болады.
Құрылғының бағдарламалық интерфейсі де тестілеушілерге ұнаған. Ол iPad интерфейсіне ұқсас болып, экран ұлғайған кезде қолданбалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе видео көру, ойын ойнау және түрлі қосымшалармен жұмыс істеу кезінде пайдалы болуы мүмкін.
Камера мен Face ID болмай ма?
Дегенмен алғашқы сынақтар смартфонның белгілі бір компромистері болатынын да көрсеткен.
Солардың бірі – камера жүйесі. Марк Гурманның мәліметінше, бүктелетін iPhone-да сыртқы бөлікте 48 мегапиксельді негізгі және ультра кең бұрышты камера болуы мүмкін. Ал телеобъектив қарастырылмайды.
Apple мұндай шешімді құрылғыны барынша жұқа ету үшін қабылдауы ықтимал. Бірақ оптикалық зумның болмауы бәсекелестерінің кейбір бүктелетін смартфондарымен салыстырғанда кемшілік болуы мүмкін.
Тағы бір өзгеріс – Face ID жүйесінен бас тарту ықтималдығы. Оның орнына Apple бүйірдегі батырмаға біріктірілген Touch ID саусақ ізін сканерлеу технологиясын қолдануы мүмкін.
Бұл шешім де смартфонның жұқа корпусымен байланысты болуы ықтимал. Құрылғы толық ашылған кезде оның қалыңдығы шамамен 4,5 миллиметр болады деген болжам бар.
iPhone Ultra қандай болады?
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, смартфон кітап секілді ішке қарай бүктеледі. Жабық күйінде сыртқы экраны шамамен 5,5 дюйм, ал толық ашылғанда негізгі дисплейі 7,8 дюйм болуы мүмкін.
Корпустың ашылған кездегі қалыңдығы әртүрлі ақпарат бойынша 4,5–4,7 миллиметр аралығында болады деп күтіледі. Apple сонымен қатар экрандағы бүктелген ізді барынша азайтатын топса мен дисплей технологиясын әзірлеп жатыр деген ақпарат бар.
Смартфонға A20 процессоры, 12 ГБ жедел жады және 5400–5800 мА·сағ аккумулятор орнатылуы мүмкін деген болжам да айтылды.
Кейбір инсайдерлік мәліметтерде құрылғыда барлығы төрт камера болуы ықтимал екені көрсетілген. Олардың қатарында экранның астына орналасатын 24 мегапиксельді ішкі камера болуы мүмкін. Дегенмен бұл сипаттамалардың ешқайсысы әзірге Apple тарапынан ресми расталған жоқ.
Бағасы қанша болуы мүмкін?
Бүктелетін iPhone-ның бағасы кәдімгі iPhone модельдерінен айтарлықтай жоғары болуы ықтимал. Алдын ала мәлімет бойынша:
Айта кетейік, 2900 доллар қазіргі бағаммен шамамен 1,4 миллион теңгеге тең. Бұл жағдайда Apple-дің алғашқы бүктелетін смартфоны нарықтағы ең қымбат жаппай шығарылатын смартфондардың біріне айналуы мүмкін.
Apple жаңа iPhone-ды қашан таныстырады?
Apple-дің жаңа iPhone таныстырылымына санаулы күн қалды. Компанияның ресми ақпараты бойынша, презентация 9 қыркүйекте Астана уақытымен 22:00-де өтеді. Іс-шара барысында iPhone 18 желісі таныстырылады. Ол үш модельден тұруы мүмкін.
Алайда таныстырылымның басты жаңалығы – Apple тарихындағы алғашқы бүктелетін iPhone болуы ықтимал. Егер ақпарат расталса, компания смартфон нарығында жаңа бағытқа қадам жасап, iPhone-ның дизайны мен пайдалану тәсілін түбегейлі өзгертуге тырысады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды