6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2022 жылғы шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам, оның ішінде шетелдік азаматтар бар және 500 жуық жалған компаниялар мен 5 мың контрагенттер тартылған болып шықты.
А.ж. 5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты ҚР ҚК 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әр-түрлі жаза мерзімдеріне соттады.
Осы қылмысты тергеудің тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берді.
Жалпы алғанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолданған шаралар оң әсер етіп, еліміздегі қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейін төмендетуге жағдай жасады.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі