15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстан аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардағы соңғы ахуал туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2025 жылғы 13 қараша сағат 08:00-дегі мәліметке сәйкес, бірнеше өңірде жол учаскелеріндегі уақытша жылдамдық шектеулері алынып тасталды.
Ақмола облысы:
«Астана - Қарағанды - Алматы» тасжолының 30-92 шақырымдары аралығында (Жібек Жолы төлем бекетінен бастап Қарағанды облысының шекарасына дейін) қозғалыс жылдамдығы 80-нен 110 шақ/сағ деңгейіне көтерілді.
Қарағанды облысы:
Дәл осы бағыттағы 92-164 шақырымдық бөлігінде (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлем бекетіне дейін) жылдамдық шектеуі 60 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін ұлғайтылды.
Ал 7 қарашадан бастап Ақмола облысында «Астана - Көкшетау – Петропавл - РФ шекарасы» автожолының 19-231 шақырым учаскесінде (Астана - Щучинск бағытында), керісінше, жылдамдық төмендетілді - 110-нан 80 шақ/сағ-қа дейін.
Сондай-ақ, 13 қараша күні Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай және Павлодар облыстарында қар мен жаңбыр аралас жауын жауады деп күтіледі.
Мамандар жол қозғалысына қатысушыларға абай болуды, жылдамдық пен арақашықтықты сақтауды, сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын ұстануды сұрайды.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің көп аймағында жауын-шашын мен көктайғақ болатынын ескерткен еді.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады