Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13 қаңтарда еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Атырауда да тұман түседі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Көкшетауда да түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман болады деп болжанады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Семейде де түнде және таңертең қалың тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, сондай-ақ Оралда да тұман болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Шымкент қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты бірінші дәрежелі ҚМЖ сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Қостанайда да тұман түседі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?