23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді13 мамыр күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мамандарына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мекеме деректеріне сүйенсек, Ақтөбе облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде, сондай-ақ Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде күн қатты ысиды – ауа температурасы +35°С-қа дейін көтерілуі ықтимал.
Болжам бойынша, оңтүстік циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын тудырады: найзағай, бұршақ, жауын-шашын, желдің күшеюі, солтүстік-батыс пен солтүстікте нөсер жауын күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда тұман түсуі ықтимал.
«Қазгидромет» қолайсыз ауа райының кейбір салдарына тоқталды:
Жоғары өрт қаупі Маңғыстау, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының кейбір бөліктерінде күтіледі.
Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды және Жетісу облыстарының бірқатар аудандарында болжануда.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады