30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖасанды интеллект жасөспірімдердің күнделікті өміріне еніп кетті. Олар чат-боттарды үй тапсырмасын орындауға, ақпарат іздеуге, кеңес алуға және тіпті әңгімелесуге пайдаланады. Алайда технологияны шектен тыс қолданудың зияны да бар.
Қандай контентке шектеу қойылады?
Осыған байланысты OpenAI 13-17 жастағы қолданушыларға арналған ChatGPT for Teens нұсқасын енгізіп жатыр. Оның басты ерекшелігі – жасөспірімдерге арналған қосымша қауіпсіздік шектеулері.
Euronews мәліметінше, жасөспірімдерге арналған нұсқада суицид пен өзіне-өзі зиян келтіру, сондай-ақ романтикалық және сексуалдық сипаттағы қарым-қатынасқа қатысты контент қатаңырақ шектеледі.
Мысалы, чат-бот жасөспіріммен эмоционалдық байланыс орнатқандай әсер қалдырмауы керек. Ол өзінің адам сияқты сезімі немесе санасы бар екенін де меңземеуі тиіс. Бұл әсіресе жасөспірімдердің технологияны шынайы адаммен қарым-қатынас ретінде қабылдап кетуінің алдын алуға бағытталған.
Ажамның жасын жүйе болжайды
OpenAI қолданушыдан жеке куәлігін талап етпейді. Оның орнына жүйе адамның жасын түрлі белгілер арқылы болжауға тырысады. Егер қолданушының 18 жасқа толмағаны анықталса немесе оның өзі жасын көрсетсе, аккаунт жасөспірімдерге арналған қауіпсіздік режиміне ауыстырылады.
Бұл ретте ата-ана бақылауын қосуға да болады. Ата-ана мен жасөспірімнің аккаунттары байланыстырылған жағдайда, ата-ана «тыныш уақытты» белгілей алады. Сол уақытта ChatGPT қолдануға шектеу қойылады.
Сондай-ақ өзіне-өзі зиян келтіру қаупі сияқты жоғары деңгейдегі қауіп жағдайларында ата-анаға арнайы хабарлама жіберілуі мүмкін.
Ал үй тапсырмасы ше?
Жасөспірімдерге арналған ChatGPT-дің маңызды ерекшеліктерінің бірі – оқушының орнына тапсырманы толық орындап бермеуге бағытталуы.
Яғни чат-бот дайын жауапты ұсынудың орнына, мәселені түсінуге, шешу жолын табуға және оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне көмектесуі керек. Мұндай тәсіл баланың жасанды интеллектке толық тәуелді болып қалмай, білімді өзі меңгеруіне бағытталған.
Жасөспірімдер –жаңа технологияларды ең белсенді қолданатын аудиторияның бірі. Бірақ олардың психологиялық және эмоционалдық дамуы әлі аяқталмаған. Сондықтан жасанды интеллектпен қарым-қатынастың шекарасын белгілеу маңызды.
ChatGPT for Teens жобасы осы мәселені шешуге бағытталған. Яғни мақсат – жасөспірімдерді жасанды интеллекттен толық оқшаулау емес, оны қауіпсіз әрі пайдалы құрал ретінде қолдануға үйрету.
Біз бұған дейін жасанды интеллектінің орнына адам жауап беретінін жазғанбыз.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды