20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқмола облысының полицейлері Алматыда 2012 жылдан бері іздеуде жүрген әйел адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, ол алаяқтықпен 19,5 миллион теңгеге алды деген күдікке ілінген.
Бірінші өтініш 2012 жылғы 2 қазанда 37 жастағы жәбірленушіден келіп түсті, ол бейтаныс әйелдің 665 мың теңге сомасында қаражатын алаяқтық жолмен иемденгенін айтты. Іске полицейлер араласып, 13 адам зардап шеккені анықталды. Олардың барлығы – облыс орталығының тұрғындары. Зардап шеккендердің айтуынша, алаяқ олармен кездейсоқ танысқан: ол біреуден пәтер жалдаған, басқаларымен таксиде танысқан. Ол барлығына пәтер сатып алуға көмектесетін қандай да бір мүмкіндіктері бар екенін айтып, өз қызметін ұсынған, – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Әйел сол кезден бастап іздеуге берілген. Тек 2024 жылы ғана күдіктінің Алматыда екені анықталды. Белгілі болғандай, ол өз деректерін өзгертіп жіберген.
Қазір күдікті алаяқ қамауға алынды. Іс сотқа жіберілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?