22.04.2026
12:02
106
Жаңалықтар

«12 млрд теңгеге жуық»: коллекторлар табысын жасырып, салық төлемеген

Мемлекеттік кірістер комитетінде коллекторлық агенттіктерге жүргізілген тексерулердің қорытындысы шықты. 

7 коллекторлық агенттікте 11,8 млрд теңге көлемінде табыстың асыра көрсетілгені анықталды. Төленбеген қосылған құн салығының (ҚҚС) сомасы 128 млн теңгені құрады. Сонымен қатар ҚҚС бойынша есепке тұрмағаны үшін 1,6 млрд теңге айыппұл есептелді, – деп мәлімдеді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Бұдан бөлек, осындай белгілері бар тағы 15 салық төлеуші анықталды. Онда табыстың асыра көрсетілген көлемі 61,6 млрд теңгені, ал төленбеген ҚҚС-тың болжамды сомасы 7,4 млрд теңгені құрайды. Қазір барлығы заң жүзінде тексеріліп жатыр. 

Комитеттің мәліметінше, кейбір коллекторлық агенттіктер түскен табысты құн салығына жататын табыс ретінде көрсетпейтін схема қолданған.

Бұл механизм былай жүзеге асады: агенттік банктен берешекті оның номиналдық құнынан төмен бағамен сатып алады, содан кейін оны борышкерден өндіріп алады. Борышкерлерден түскен қаражат кей жағдайда қарызды қайтару ретінде көрсетіліп, ҚҚС-тан босатылған операция ретінде есепке алынған. Алайда мұндай операциялардың экономикалық мәні мүлде басқа, – деп түсіндірді комитет.

Ведомствоның айтуынша, сатып алынған берешектің құны мен нақты өндіріп алынған сома арасындағы айырма –  өндіріп алу қызметінен түскен табыс. Дәл осы табыс кей жағдайда салық салынатын айналымға енгізілмеген.