23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБиыл күзде «Hertfordshire Press» британдық баспа үйінен елордалық Маидэ Ақан есімді жас таланттың алғашқы кітабы басылып шығады. 11 жастағы Маидэ – жас жазушы, эко-дизайнер. Оның AYBAG деп аталатын эко-бренді бар. Бұл компания ересектер мен балаларға арналған экологиялық сөмкелер тігеді. Сөмкенің бетінде Маидэ салған суреттер бейнеленген. Бренд «Табиғатты қорғау – тек ересектердің ғана емес, балалардың да міндеті» деген ұстанымды ту етеді.
Ұлыбританияда басылатын «Айсу мен сиқырлы сөмке» деп аталатын кітапта Айсу есімді бүлдіршіннің қызықты хикаясы баяндалады. Хикая желісі бойынша, Айсу табиғатты қорғайтын ерекше ғажайып құспен танысады. Құс енді ғана танысқан досын табиғат-ананы қорғауға шақырады. Осылайша, екеуі экологиялық жағдайды бірге жақсартуға кіріседі. Алғашқы кітап «V Open Eurasia and Central Asia Book Forum & Literature Forum» халықаралық әдеби фестивалінің аясында таныстырылмақшы.
Айбота Өтеулі
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады