Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыToyota былтырғы жаһандық саудасын саралап, есеп берді. Дилерлер 12 айда күллі әлемдегі клиенттеріне Toyota, Lexus, Daihatsu, Hino маркалы 11.3 млн машинаның кілтін тапсырыпты. Көрсеткіш 2024 жылғыдан 4.6 % асып қана қоймай, рекорд жаңарды, соның арқасында ол осымен алты жыл қатарынан планетадағы ең көп көлік өндіретін компания атанды, деп жазады Еl.kz интернет порталы kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Үздік автоөндірушілер рейтингінде екінші орын 8.98 млн техника жөнелткен Volkswagen Group-қа бұйырды. Бірақ оның саудасы 2024 жылмен салыстырғанда 0.5 % бәсеңдеген.
Toyota үшін ең ірі нарық АҚШ саналады. Америка тұрғындары былтырғы қаңтар мен желтоқсан аралығында 2.5 млн темір тұлпар алған, қызығы, мұндағы сауда көлемі жыл сайын 8 % ұлғайып жатыр.
Өз отанында саудасы тіпті қызып, 11.9 % өсім көрсетті. Жапондар Toyota және Lexus-пен шектелмей, Daihatsu, Hino маркалы 2.07 млн техниканы таңдады.
Toyota-ның Қытайда да асығы алшысынан түскенін атап өткен жөн. Мұндағы жұрт 1.78 млн (+0.2%) авто алды. Алдыңғы төрт жыл бойы бұл елде брендтің жағдайы онша жақсы болмаған.
Алпауыт автоөндіруші біздің елде өте танымал. Былтыр 11 259 модель иесін тапты, ал 2024 жылы 10 966 машина сатылған екен. Lexus-тың 3019 машинасы жолға шықты. Қазақстандағы ең үздік модельдері — Toyota Camry (4496) мен Lexus RX (1248).
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді