23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Құлсарыға Кентаудан сәлем жолдаған жасөспірім су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы ауыр ахуалды көріп қатты уайымдағанын айтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Кентау қаласында су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Орталық алаңға қойылған жүк көлігіне қала тұрғындары қажетті заттарды алып келіп, өткізіп жатыр. Олардың ішінде азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарлары бар. Игі іске жергілікті кәсіпкерлер ұйытқы болып отыр. Сондай-ақ арнайы ашылған есеп-шот арқылы да қаржы жинақталып жатыр.
Бүгін таңертен орталық алаңға анасына еріп келген 11 жастағы Гауһар Шәймерден өзінің жыл бойы жинаған қаражатын көмек қабылдаушыларға табыс етті. Көк қорапшаға салынған ақша жинағыштың қасында арнайы жазылған хатта бар.
«Құлсарыға Кентаудан сәлем!» деп басталатын жазбада жасөспірім кентаулық оқушылардың өздерімен бірге екенін баяндаған.
«Мен Сіздердің ауыр жағдайларыңызды көріп, қатты уайымдадым. Сіздер қазақтың батыр ұлдары мен қыздарысыздар. Сондықтан бұл қиындықтан аман-есен өтетіндіктеріңізге сенімдімін», - делінген хатта.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік