30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты11 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталып, кей өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл мен қатты жаңбыр күтіледі. «Қазгидромет» РМК ел аумағында дауылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы 40 градустан асады. Сонымен қатар төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана, Алматы және Шымкент
Астанада күндіз ауа температурасы +36...+38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Қалада жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматыда күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін жетеді.
Шымкентте күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Оңтүстік өңірлерде 44 градусқа дейін ыстық
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы +40...+42 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +40...+44 градусқа дейін көтеріліп, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +38...+40 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай, таулы аудандарында өткінші жаңбыр күтіледі. Күннің екінші жартысында таулы жерлерде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз +35...+38 градус ыстық болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің батысы, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Орталықта аптап ыстық сақталады
Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы +40...+41 градусқа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысы, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік өңірлерде жаңбыр мен бұршақ күтіледі
Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Түнде және таңертең батысына тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз оңтүстікте кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +35...+39 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал оңтүстік және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +35...+38 градус ыстық болады.
Шығыста 41 градусқа дейін ыстық
Абай облысының оңтүстігінде 11-13 тамыз аралығында күндіз ауа температурасы +40...+41 градусқа дейін көтеріледі. 11 тамызда облыс бойынша +35...+37 градус ыстық күтіледі. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +35...+37 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыста шаңды дауыл мен өрт қаупі бар
Маңғыстау облысының орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +38...+42 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +35...+36 градус ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Бұл аудандарда ауа температурасы +35...+37 градус болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
«Қазгидромет» тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын ұстануды ескертеді. Әсіресе аптап ыстық пен өрт қаупі жоғары өңірлерде ашық отты пайдаланбау, ал найзағай, дауыл және екпінді жел кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды