6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАҚШ-тың Аризона штатындағы шағын Селигман қалашығында адам сенгісіз оқиға орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
14 сәуір күні жоғалып кеткен екі жасар Боден Аллен есімді бүлдіршін аман-есен табылды. Оны табуға жергілікті овчарка тұқымды ит – Буфордтың батырлығы себеп болды.
Боден шамамен кешкі сағат бесте жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстарына ондаған құтқарушы мен тікұшақ жұмылдырылды. Баланың үстінде пижама шалбар мен майка болғаны белгілі болса да, қиын табиғи жағдайлар мен салқын ауа райы іздеуді күрделендірді. Түнде ауа температурасы +4-тен +10 градусқа дейін төмендеп, тікұшақ экипажы іздеу аймағында екі пума аңын байқаған.
Үміт сөне бастаған сәтте таңертең керемет жағдай орын алды. Қала тұрғыны Скотти Дантон үйінен қалаға бет алып жатқанда, есік алдында иттің кішкентай баланы қорғап тұрғанын көреді. Буфорд есімді овчарка Боденді күзетіп тұрған. Таңғаларлығы — бүлдіршін үйінен шамамен 11 шақырым жол жүріп, Дантонның үйіне дейін жеткен.
Боденнен түнде қайда болғанын сұрағанда, ол: "Ағаштың түбінде ұйықтадым, кейін мені ит тауып алды", – деп жауап берген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі