22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҰлттық тестілеу орталығы 1-25 сәуір аралығында негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдайды. Талапкерлер екі рет тест тапсырып, ең жоғары нәтижені грант конкурсына тіркейді.
11-16 сәуір аралығында өтінішті бір рет, ал 17-25 сәуір аралығында қалауы бойынша екінші рет өтініш бере алады. Тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі. Талапкерлерге тестілеу күнін, уақытын және пунктін таңдау мүмкіндігі берілген.
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті және екі бейіндік пәннен тест тапсырады. Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт берілген.
Емтихан кезінде калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесін алып кіруге болады. Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. ҰБТ аяқталғаннан соң 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да ережелерді бұзу фактісі тіркелген жағдайда, талапкердің ҰБТ-дағы нәтижесі жойылады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев