30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматыда «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы Құрылтай сайлауы күні жүргізілген қоғамдық бақылаудың қорытындысын шығарды. Байқаушылар сайлау учаскелерінде өрескел заң бұзушылықтар тіркелмегенін мәлімдеп, Алматыдағы сайлауға қатысудың жоғары көрсеткішін азаматтық белсенділік пен қоғамдық сананың артуымен байланыстырды.
Баспасөз конференциясына қоғам қайраткерлері мен байқаушылар – Дос Көшім, Ермұрат Бәпи, Бекнұр Қисықов, Нұргелді Әбдіғаниұлы және Нұрболат Нышанбай қатысты.
Спикерлердің айтуынша, «Халық үні» байқаушылары Қазақстанның 11 қаласындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру барысына мониторинг жүргізген. Олар бақылаудың мұндай ауқымы еліміздің әр өңіріндегі сайлау барысын жан-жақты әрі объективті бағалауға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Қозғалыстың негізгі штабы Алматы қаласында орналасты. Сонымен қатар «Халық үні» жақтастары мен байқаушылар желісі еліміздің бірқатар өңірін қамтыды. Бақылау Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Семей, Тараз, Қонаев және Талдықорған қалаларында жүргізілді.
Байқау миссиясына дайындық алдын ала басталған. 11 қалада мыңнан астам азамат электоралдық бақылау әдістері бойынша арнайы даярлықтан өтті.
Дауыс беру күні «Халық үні» байқаушылары таңертеңнен бастап барлық сайлау рәсімдері толық аяқталғанға дейін учаскелерде жұмыс істеді. Негізгі мақсат – сайлау барысына барынша сапалы әрі жан-жақты қоғамдық бақылау жүргізу болды.
Қозғалыс өкілдерінің бағалауынша, сайлау учаскелеріндегі негізгі дауыс беру рәсімдері қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес жүргізілген. Байқаушылар сайлаушылардың жоғары белсенділігін де атады. «Халық үні» өкілдерінің айтуынша, сайлау процесі ашық әрі әділ өтті.
Қоғам белсенділерінің айтуынша, сайлау барысында жекелеген ескертулер болғанымен, олар негізінен рәсімдік сипатта болды. Мәселен, кейбір сайлаушылар дауыс беру кабинасына екі адам болып кіруге әрекеттенген немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз келген. Алайда байқаушылардың айтуынша, сайлау комиссияларының мүшелері азаматтарға белгіленген талаптарды жедел түсіндіріп, туындаған мәселелерді шешуге көмектескен.
Бақылау барысында анықталған жекелеген ұсақ заң бұзушылықтар бойынша тиісті актілер мен хаттамалар толтырылды. Қазіргі уақытта өңірлерден келіп түскен ақпаратты жинақтау, жүйелеу және қосымша тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы уақытта барлық материалдар қорытындыланып, сараптамалық талдау жасалады.
Сонымен қатар қозғалыс мүшесі, журналист Ермұрат Бапи Алматы тұрғындарының сайлауға мұндай жоғары деңгейде қатысуы Қазақстанда жиі кездесе бермейтінін атап өтті. Оның айтуынша, жоғары сайлаушылар белсенділігі азаматтардың саяси процестерге деген көзқарасының өзгергенін және ел болашағын қалыптастыруға деген қызығушылығының артқанын көрсетуі мүмкін.
Жалпы, «Халық үні» байқаушылары өткен сайлауды азаматтардың өз сайлау құқығын жүзеге асыруға айрықша қызығушылық танытқан саяси үдеріс ретінде бағалады. Қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігі мен өрескел заң бұзушылықтардың тіркелмеуін олар өз жұмыстарының негізгі қорытындысы деп атады.
Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау комиссиялары Құрылтай сайлауын тұрақты әрі жедел ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етті. Күні бойы дауыс беру барысы мен азаматтардың белсенділігі туралы елдің әр өңірінен ақпарат үздіксіз келіп отырды. Соның арқасында сайлаушылар мен халықаралық байқаушылар сайлау барысын іс жүзінде нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік алды. Ақпараттық сүйемелдеудің жоғары деңгейде болғанын Ленинград облысының сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Лебединский мәлімдеді.
Михаил Лебединскийдің халықаралық байқау саласында мол тәжірибесі бар: 2013 жылдан бері ол ТМД елдеріндегі сайлау науқанына сарапшы әрі байқаушы болып қатысып келеді. Оның айтуынша, Қазақстан бұған дейін де сайлауды жоғары деңгейде ұйымдастырумен көзге түскен. Алайда бұл жолы сайлаушыларға жасалған жағдай мен өзгеріс ерекше байқалған.
Мен Қазақстанға бірнеше рет келдім, келген сайын сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын үнемі айтып жүретінмін. Сайлау комиссиясының мүшелерін оқыту мен бірыңғай стандартты қалыптастыру бойынша көп жұмыс істелгені көрініп тұр. Бұл жолы сайлаушыларға көңілдің айрықша бөлінгені қуантты: арнайын әзірленген бағыттағыштар жұртқа учаскені тез табуға көмектесті. Бір қарағанда ұсақ-түйек болып көрінетін осындай дүниелер дауыс беруді айтарлықтай ыңғайлы етеді, – деп өз ойымен бөлісті Михаил Лебединский.
Ресей Федерациясынан келген халықаралық байқаушылар бір күнде шамамен 20 сайлау учаскесіне барды. Олар дауыс беру барысын ғана емес, сонымен қатар учаскелердің жабылуын, пайдаланылмаған бюллетеньдердің жойылуы мен дауысты санау процесін де бақылаған.
Спикер сайлаудың ақпараттық сүйемелдеу жағына да тоқталды. Дауыс беру барысы мен азаматтардың белсенділігі туралы жаңалықты бұқаралық ақпарат құралдары, Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссиясы үзбей жариялап отырды. Соның арқасында сайлаушылар мен халықаралық байқаушылар күні бойы барлық өңірден жедел ақпарат алып отырған.
Михаил Лебединский Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне кәсіби әрі ашық жұмыс істегені үшін алғыс білдірді. Оның пікірінше, сайлау қатаң бақыланатын процесс ғана емес, сонымен бірге әркім өз ойын еркін білдіретін маңызды қоғамдық оқиға болып қала беруі тиіс.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды