22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖурналистер Қарағанды облысы әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтан «1995-2022 жылдары «АрселлорМиттал Теміртау» компаниясының Қарағанды облысындағы шахталарында 103 шахтер көз жұмды. Неге осы шахталардың иесі Лакшми Миттал 30 жыл ішінде адам өлімін тоқтата алмады?» деп сұрады.
Келгеніме бес ай болды. Бізде үшжақты комиссия жұмыс істеп жатыр. Сол жерде «АрселлорМиттал Теміртау» шахталардағы жұмысты модернизациядан өткізуді өз міндетіне алды. Біздің әкімдікке қарайтын Өнеркәсіпті бақылау департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Біз бақылап отырған төрт айдың қорытындысы бойынша апатты жағдай болған жоқ. Бұл – үлкен жұмыс. Үлкен инвестиция керек. Осыны талап ететін боламыз. Ал енді әлеуметтік жұмыстарға келетін болсақ, осы компания біраз жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, Шахтинск қаласында саябақты абаттандырды, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Ленин атындағы шахтасында апат болып, бес адам қаза тапты. Шахта ашылғалы онда жетпістен астам адам мерт болған. Қаза тапқандар арасында бұрғылау қондырғысының машинистері, шахтада 21 және 13 жыл жұмыс істеген 42 жастағы Андрей Санжаров пен 38 жастағы Денис Инкин, 29 жастағы Арман Қашкей мен сегіз жыл еңбек тәжірибесі бар 31 жастағы Дмитрий Бойченко, бұған қоса машинист көмекшісі, шахтаға жұмысқа кіргеніне екі ай болған 24 жастағы Марғұлан Ынтыбеков болған еді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев