22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды7 сәуір күні Ұлы Отан соғысының қатысушысы Татьяна Алексеенко дүниеден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Татьяна Ерофеевна 1923 жылдың 23 желтоқсанында Беларусь Республикасының Витебск облысының Уно ауылында дүниеге келген.
Соғыс жылдары Татьянаның ол 18 жаста еді. Батыр қыз ерікті түрде партизан отрядына қосылып, медбике ретінде майданға аттанды. Онда жауынгерлердің өмірін құтқарып, ерлік пен отанға адалдығын көрсетті. Партизан отрядымен бірге Кенигсбергке дейін жетіп, жеңісті сол жерде қарсы алды. Кейінірек Шығыста, үшінші Белорусь фронты құрамында қызметін жалғастырды. Соғыс әрекеттері ол Иркутск қаласында болған кезде аяқталды.
Соғыстан кейін Қырғызстанда өмір сүрді, кейіннен Қазақстанға көшіп келіп, осында екі ұлын тәрбиеледі. Өкінішке орай, ардагердің екі ұлы да өмірден озды. Әжейдің екі немересі мен бес шөбересі және бес шөпшегі қалды.
Ұлы Жеңіске қосқан үлесі үшін ол Отан соғысы І және ІІ дәрежелі ордендерімен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Соңғы сапарға шығару рәсімі Алматы қаласындағы Бостандық ауданы қорғаныс істері басқармасының әскери қызметшілері, ҚР ҰҚК Шекара академиясының әскери оркестрі, 61993 әскери бөлімнің әскери қызметшілері және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлер кеңесінің өкілдерінің қатысуымен өтті.
Жерлеу рәсімі бүгін 9 сәуірде Алматының орталық зиратында өтті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев