22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыОтырысты жүргізуші «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Л.Т. Джумалиева сөз басында «Ұлттық жоспарда» белгіленген қадамдардың тарихи маңыздылығына, уақытында болуына және келешек үшін мәнділігіне ерекше назар аударды.
Тақырып бойынша ғылыми жұмыс және қарым-қатынас жөніндегі проректор С.Т. Зәкенов, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары Г.Б. Есетова, О.Д. Табылдиевалар сөз алып, бағдарламаның әрбір бөлімін іске асыру жөніндегі өз ойларын ортаға салды.
Маңғыстау облысының ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі С.С. Бекешев қазақстандықтардың тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен халықтар бірлігінің арқасында мүмкін болғанын айтып, «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасының жастар санасында ұлттық құндылықтар мен патриотизмді нығайтудағы маңызын атап көрсетті.
Талдау барысында «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі С.К. Әлібеков шетелдік заң институттарында заңгерлер даярлау тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасай отырып, «Ұлт жоспарындағы» судья лауазымына үміткерлердің теориялық білімі мен тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптарының қатаюын қолдап, маңыздылығына баға берді.
Студенттік парламент төрағасы, «Құқықтану» мамандығының 4 курс студенті Ә. Абдулов бағдарламаның жастар алдына қойып отырған зор міндеттеріне тоқталды және бағдарламаның негізгі бағыттырын іске асыруға белсенді атсалысатынына сендірді. Сонымен қатар ол өзінің дипломдық жұмысының тақырыбын «Ұлт жоспарымен» байланыстырғанын және ойдағыдай қорғап шыққанын айтты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған бағдарламаның жүзеге асырылуына үлес қосуға бір ауыздан дайын екендерін жеткізді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев