7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?100 жастағы Ұлыбританияның тұрғыны Уильям Уоттс өз ғасырлық мерейтойын атап өтіп, ұзақ өмір сүруінің басты құпиясын бөлісті. Бұл туралы Cheshire Live басылымы жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Чешир графтығында туып-өскен Уоттс жүз жасқа толған күнін Честер қаласындағы қарттар үйінде қарсы алды. Ол инженер мамандығын меңгеріп, ұзақ жыл бойы Британ атом энергиясы агенттігінде қызмет еткен. Кейінірек ағасымен бірге Ливерпульде жеке кәсіппен айналысқан.
Уильям 1949 жылы сүйіктісі Джоанға үйленіп, екеуі 70 жыл бақытты өмір сүрді. Ерлі-зайыпты үш баланың ата-анасы атанып, бүгінде Уоттстың алты немересі мен үш шөбересі бар.
Мерекелік кеш барысында қария ұзақ ғұмыр сүруінің басты себебі деп сәттілікті атады:
Сәттілік болмаса, алысқа бара алмайсың! – дейді Уоттс.
Туыстарының айтуынша, ол өмір бойы қиын есептер мен жұмбақтарды шешкенді ұнатқан, тіпті қарттар үйіне көшкеннен кейін мектепте меңгере алмаған неміс тілін үйрене бастаған.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?